Python интерпретаторын орнатқаннан кейін, қарапайым IDLE біріктірілген өңдеу ортасының(бөлек орнатуды қажет етпейді) интерактивті режимінде скриптерді жазып орындауға болады.
немесе File->New file (Ctrl + N) командасын орындап бағдарламалық кодты файлға сақтап орындауға болады. Орындау үшін Run-> Run module (F5) командаларын орындаймыз.
Стандартты IDLE-ден бөлек әмбебап біріктірілген өңдеу орталарымен(БӨО) қатар тек Python-ға арналған код редакторлары да бар. https://wiki.python.org/moin/IntegratedDevelopmentEnvironments
Берілген тізімнен кез-келген БӨО жүктеп алып қолдануыңызға болады. Негізінен БӨО көбісі тегін. Осы тізімнен біз Python-ды жаңадан үйренушілерге арналған Thonny БӨО пайдаланамыз. https://thonny.org/ сайтынан өз операциялық жүйеңізге арналған нұсқасын тауып алыңыз.
Бағдарламаны ашатын болсақ Shell терезесінде Python версиясы басқа екенін байқаймыз(менің жағдайымда 3.10.6). Thonny өз құрамына Python интерпретаторын қосады. Көп жағдайда бұл python.org сайтындағы версиямен сәйкес келмеуі мүмкін.
Бөлек қондырылған python интерпретаторын Thonny редакторында көрсету үшін менюден Tools->Interpreter және тізімнен Alternative Python 3 interpreter or virtual envirement бөлімін таңдап Known interpreters жолына басқа интерпретаторды көрсетуге болады.
Редакторды келесі ашқанда Shell терезесінде Python версиясы өзгергенін байқайсыз.