Қайталанушы операторлар. for циклы

Қайталанушы операторлар. for циклы

Кез- келген бағдарламалау тілдері секілді python-да да қайталау операторлары бар. Қайталау операторлары аты айтып тұрғандай белгілі бір команданы бірнеше рет қайталауға арналған. Мысалы: сіз өз сайтыңызда қолданушылар тіркеле алатын мүмкіндік  жасағыңыз келеді және қолданушы өз туған жылын көрсетуі керек. Бұл жерде ең жақсы шешім қолданушы төгілмелі тізімнен өз туған жылын таңдау.  Яғни Сіз 1900 жылмен 2010 жыл аралығын цикл арқылы шығаруыңызға болады. 

Тағы бір мысал. Сізге a мен б аралығындағы барлық жай сандарды анықтау керек. Әрине бұл жерде де циклді пайдаланасыз.

python тілінде циклдардың екі түрі бар.

  1. Параметрлі for циклы
  2. шартты while циклы

Параметрлі for циклының жалпы жазылу форматы. 

for цикл_айнымалысы in итерабл объект :

цикл денесі

Мысалы:

for x in (1,2,3,4,5,6):
    print(x)

экранға 1 2 3 4 5 6 сандары бірінің астына бірі шығуы керек.

for y in "Test":
  print(y)

экранға T e s t әріптері бірінің астына бірі шығуы керек.

Параметрлі for циклы бізге қайталану саны алдын-ала белгілі болғанда ыңғайлы. Мысалы 5-тен 10-ға дейін, 1 ден x-ке дейін, а-мен b-аралығында, тізімнің басынан бастап соңына дейін өтіп шығу үшін.

for циклы көмегімен 1-ден бастап 100-ге дейінгі сандардың квадратын тауып көрейік. Бізге бұл жерде range функциясы көмектеседі. range функциясы үш параметр қабылдайды бұл бастапқы мән, соңғы мән және қадам. 

range(1,10,1) – 1-ден бастап 10-ға дейінгі сандарды +1 қадам арқылы аламыз. 10-ның өзі бұл қатарға кірмейді. 1 2 3 4 5 6 7 8 9

range функциясы қабылдайтын start,stop, step параметрлерінің ішінде тек stop параметрі ғана міндетті. Яғни range(10) деп жазатын болсаңыз үнсіз келісім бойынша start 0-ге қадам саны 1-ге тең. 

Төмендегі мысалды бастапқы мән 2-ге соңғы мән 8-ге тең. Қадам саны жазылмағандықтан +1.

2-ден бастап 20-ға дейін +2 қадам арқылы

range функциясын қолдануды үйренсек енді for циклына кірістіріп көрейік.

Жоғарыдағы код 1-ден бастап 100-ге(100-ді қосып алғанда) дейінгі сандардың квадратын шығарады.

Екі таңбалы сандар ішінен цифрларының қосындысы 5-ке тең барлық жұп сандарды анықтау

нәтижесінде

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған