Кіріктірілген циклдар

Кіріктірілген циклдар

Біз бұған дейін for параметрлі циклын қараған болатынбыз. for циклы көмегімен n енгізілген сандар ішінен ең кіші санды анықтап көрейік. Сандар диапазоны 1 мен 100 аралығында болсын. Программа коды

n=int(input('qansha san='))

mn=100  # azirge en kishi san 
for i in range(n):  #цикл n рет орындалады
    p=int(input('kelesi san='))  #кезекті санды p айнымалысына меншіктейміз
    if p<mn:  #егер кезекті сан бұған дейінгі кіші саннан да кіші болса онда сол санды кіші сан деп аламыз
        mn=p

print('en kishi san=',mn)

Көріп тұрғаныңыздай бұл жерде біз тек бір циклды ғана қолдандық. Енді осы есепті сәл түрлендірсек. Мысалы Сізге осындай n сандардың бірнешеуі берілген. Әрбір n сандар жиымы үшін ең кіші санды табу керек. Бұл жерде Сізге кіріктірілген циклды пайдалануға тура келеді. Яғни барлық жиымдарды өтіп шығу үшін және әр жиым үшін ең кіші санды анықтауға.

m=int(input('qansha jiym bar='))
for k in range(1,m+1):
    n=int(input(str(k) +' jiymda qansha san='))

    mn=100  # azirge en kishi san 
    for i in range(n):
        p=int(input('kelesi san='))
        if p<mn:
            mn=p

    print(k,' jiymdagi en kishi san=',mn)

Көріп тұрғаныңыздай біз бір циклдың ішіне екінші циклды кіргіздік. Бұндай циклдар кіріктірілген циклдар деп аталады. Сыртқы циклдың әрбір қадамы үшін ішкі цикл басынан бастап соңына дейін орындалады. 

for i in range(1,3):
    for j in range(1,4):
        print('i=',i, ' j=',j)

программа нәтижесі:

i= 1  j= 1

i= 1  j= 2

i= 1  j= 3

i= 2  j= 1

i= 2  j= 2

i= 2  j= 3

Сыртқы i параметрлі циклы 2 рет ішкі цикл 3 рет орындалады. Жалпы қайталану саны 2*3=6-ға тең.

Кіріктірілген цикл көмегімен көбейту кестесін шығарып көрейік.

for i in range(1,10):
    for j in range(2,10):
        print(j,'*',i,'=',i*j,end='\t')
    print()

программа нәтижесі:

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған