Бағдарламалаудың кіріктірілген ортасы(IDE), редакторлар

Бағдарламалаудың кіріктірілген ортасы(IDE), редакторлар

Python интерпретаторын орнатқаннан кейін, қарапайым IDLE біріктірілген өңдеу ортасының(бөлек орнатуды қажет етпейді) интерактивті режимінде скриптерді жазып орындауға болады.

IDLE кіріктірілген ортасы

немесе File->New file (Ctrl + N) командасын орындап  бағдарламалық кодты файлға сақтап орындауға болады. Орындау үшін Run-> Run module (F5) командаларын орындаймыз.

IDLE кіріктірілген ортасының файл режимі

Стандартты IDLE-ден бөлек әмбебап біріктірілген өңдеу орталарымен(БӨО) қатар тек Python-ға арналған код редакторлары да бар. https://wiki.python.org/moin/IntegratedDevelopmentEnvironments

Берілген тізімнен кез-келген БӨО жүктеп алып қолдануыңызға болады. Негізінен БӨО көбісі тегін. Осы тізімнен біз Python-ды жаңадан үйренушілерге арналған Thonny БӨО пайдаланамыз. https://thonny.org/ сайтынан өз операциялық жүйеңізге арналған нұсқасын тауып алыңыз.

Бағдарламаны ашатын болсақ Shell терезесінде  Python версиясы басқа екенін байқаймыз(менің жағдайымда 3.10.6).  Thonny өз құрамына Python интерпретаторын қосады. Көп жағдайда бұл python.org  сайтындағы версиямен сәйкес келмеуі мүмкін.

thonny редакторы

Бөлек қондырылған python интерпретаторын Thonny редакторында көрсету үшін менюден Tools->Interpreter және тізімнен Alternative Python 3 interpreter or virtual envirement бөлімін таңдап Known interpreters жолына басқа интерпретаторды көрсетуге болады.

thonny редакторындағы стандартты интерпретарды өзгерту

Редакторды келесі  ашқанда Shell терезесінде  Python версиясы өзгергенін байқайсыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *