Бұған дейінгі постымызда көрсеткендей тізімнің әр элементіне қатынас оның индексі арқылы жүреді. Көптеген басқа тілдердегідей индекс пайтонда да 0-ден басталады.
мысалы: мынадай тізім болсын
qalalar=['Almaty','Aqtobe','Qizilorda','Oral']
осы тізімнен Алматы қаласын экранға шығаратын болсақ алдымен тізім атын және тік жақша ішіне индекс жазамыз.
мысалдан түсінгендеріңіздей индекс 0-ден басталып 3-пен аяқталады. Егер сіз тізім шекарасынан шығып кететін болсаңыз IndexError қатесін аласыз.
Сонымен қатар пайтон тілінде теріс индексті қолдануға болады. Теріс индекс -1 -ден басталады және ол тізімнің соңғы элементін қайтарады.
мысалы:
Сәйкесінше qalalar[-2] ‘Qizilorda’ , qalalar[-3] ‘Aqtobe’ -ні шығарады.
Бұл жағдайда да тізімнің шекарасынан шығып кететін болсаңыз IndexError қатесін аласыз.
Егер сізге әрқашан тізімнің ең соңғы элементін алу керек болса теріс индексті қолданған тиімді. Егер теріс индекс жоқ болса біз былай жасаған болар едік.
Бұл жерде len функциясы тізімнің ұзындығын қайтарады яғни 4-ке тең. Тізім индексі 0-ден басталатын болғандықтан -1 -ге азайттық.
Қиынды
Пайтон тілінде сонымен қатар қиынды(slice) деген түсінік бар. Яғни қиынды көмегімен тізімнен белгілі бір аралықты қиып алуға болады.
Жалпы жазылу ережесі tizim[START:STOP:STEP] бұл жердегі START— басталу индексі және ол берілмесе 0-ден басталады. STOP тізімнің(не объектінің) ұзындығына тең, STEP үнсіз келісім бойынша 1-ге тең.
Сонымен қатар бұл параметрлердің кейбірі немесе бәрін жазбауға болады.
Мысалы:
Бұл жерде START және STOP жазылмаған сәйкесінше тізімнің барлық элементтері шығады. Бұл мына жағдаймен тең
0-START, 4-STOP.
Бізге Аqtobe және Qizilorda қалалары керек болса былай жазған болар едік
Бұл жерде байқағандарыңыздай қиындының оң жақ элементі STOP параметріне 1 қадам жетпей тоқтайды.
Үшінші параметр STEP қадам санын қосып көрейік
Тізімнің басынан бастап соңына дейін әрбір екінші элементін шығардық.
Егер сіздің параметрлер тізімнін шекарасынан шығып кетсе сіз бос тізім аласыз
Сонымен қатар параметрі ретінде теріс индекстерді де қолдануға болады
STOP бұл жерде -1 -ге тең сәйкесінше ‘Taraz’ қаласы шықпайды.
Егер сізге кері ретпен шығару керек болса STEP параметріне теріс қадам санын беруге болады.
Сәйкесінше тізімді төңкеру үшін
Қиындының көмегімен тізімнің бірнеше элементтерін өшіруге және бірнеше элемент қосуға болады. Мысалы:
‘Aqtobe’,’Qizilorda’ қалаларының орнына басқа қалаларды қостық. Егер сізге басқа қалаларды өшірмей жай ғана қосу керек болса
del операциясы арқылы алғашқы үш қаланы тізімнен өшірдік.