Мәліметтердің типтері

Мәліметтердің типтері

Python – бұл динамакалық типтелген тіл. Яғни мәліметтердің типтерін көп жағдайда арнайы берудің қажеті жоқ. Интерпретатор мәліметтің табиғатына қарап автоматты түрде белгілі бір типке жатқызады. Қажет болғанда мәлімет типін қолмен нақты беруге болады.


Python-да объектілердің  келесідей типтері бар:

Ескерту келесі кодтарды shell-ге(команда режимінде) орындаймыз

  • bool – логикалық тип. 1 және 0 сандарына сәйкес келетін True мен False мәндерін қабылдайды.
>>> type(False), type(True), int(False), int(True)
#нәтижесі
(<class 'bool'>, <class 'bool'>, 0, 1)
  • int – бүтін сан. Санның өлшеміне тек жедел жады шектеу болады.
>>> type(256), type(1234567890000000000000000000000)
 (<class 'int'>, <class 'int'>)
  • float – нақты сан:
>>> type(3.14), type(1E-10)
(<class 'float'>, <class 'float'>)
  • complex- комплекс сандар
>>> type(1+2j)
<class 'complex'>
  • str- жол(символдар тізбег)
>>> type('Жол')
<class 'str'>
  • list- тізім. Тізім басқа тілдердегі массив секілді.
>>> type([1,2,3])
<class 'list'>
  • tuple- кортеж
>>> type((1,2,3))
<class 'tuple'>
  • dict- сөздік. Басқа тілдердегі ассоциативті массив секілді
>>> type({'lang':'python','version':3.11})
<class 'dict'>
  • function –функция(python тілінде функция бұл-объект)
>>> def func():pass

>>> type(func)
<class 'function'>
  • module- модуль
>>> import os
>>> type(os)
<class 'module'>
  • class – класс
>>> class Foo():pass

>>> type(Foo)
<class 'type'>

Python тілінде бұдан да басқа мәліметтердің типтері бар. Барлық мәлімет белгілі бір кластың объектісі, ал әр кластың өзінің типі бар.

Типтер өзгеретін және өзгермейтін болып бөлінеді. Өзгермейтін типтерге жол, сан, кортеж және т.б. типтер жатады. Берілген жолды өзгерту үшін жаңа жолға біріктіру немесе қиынды(срез) арқылы алуға болады. 

str1="hello World!!!"
str2=str1[:5]
print(str2)    #hello тексті шығады
str1[0]='H'	 #қате жолды өзгертуге болмайды

Кейбір типтер қатарға жатады. Қатарға жол, тізім, кортеж, диапазон жатады. Қатарлармен қиынды операциясын, итераторларды орындауға болады. Итераторлар қатардың барлық элементін жүріп өтуге көмектеседі. Алдымен iter() – функциясының көмегімен итератор алып, содан соң  __next__() әдісін немесе next() –функциясын пайдаланып қатар элементін алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *