Шарт операторының тағы бір жазылу формасы бұл- тернарлы шарт операторы. Яғни 3 операндтан (бөліктен десек те болады) тұратын шарт жазуға мүмкіндік беретін оператор.
Мысалы бізде санның оң-терісін анықтайтын қарапайым код болсын.
x=-5 if x<0: print('teris san') else: print('on san')
Бұл жерден көргеніміздей print() операторын біз екі рет қолданып тұрмыз. Осы толық шарт операторын тернарлы түрде жазатын болсақ:
x=5 print('teris san' if x<0 else 'on san')
Кодымыз бұрынғыға қарағанда ықшам бола түсті және символдар саны азайғанын көріп тұрсыздар.
Сонымен қатар кіріктірілген тернарлы операторларды қолдануға болады, бірақ аса қажеттілік болмаса, оны қолданбаған абзал.
Тернарлы шарт операторының жалпы жазылу форматы:
<ақиқат болғандағы тіркес > if <логикалық өрнек> else <жалған болғандағы тіркес>
Екі санның үлкенін табатын программаның кодын тернарлы шарт операторымен жазып көріңіз
x=5 y=9 if x>y: print(x) else: print(y)