Тізімдер (Lists)

Тізімдер (Lists)

Тізім суреті

Бұған дейін біз айнымалыларды қолдану арқылы бір мәнді сақтауды қарастырдық. Бірақ кейде бір айнымалыда бірнеше мәнді сақтауға тура келеді. Python тілінде бұны тізімдер (lists) көмегімен жүзеге асыруға болады.

Тізімді құру және оған мәндер меншіктеу

Python тілінде тізімдерді төртбұрышты жақшаларға алынған элементтер тізбегі ретінде жазамыз. Мысалы:

Python

Бұл тізім numbers айнымалысына бірнеше мәнді сақтауға мүмкіндік береді.

Тізім элементтерін шығару(пайдалану)

Тізім элементтеріне олардың индекстері (нөмірлері) арқылы қол жеткізуге болады. Индекстер нөлден басталады:

Python

Тізімді цикл арқылы өту

Тізімдегі барлық элементтерді for циклы көмегімен шығарып көрейік:

Python

Программа нәтижесі:

10
20
30
40
50

Егер біз тізім элементтерін индекстері арқылы шығаратын болсақ:

Python

нәтиже жоғарыдағыдай

Тізімге элемент қосу және жою

Python тізіміне элемент қосу үшін .append() және .insert() әдістерін қолдануға болады:

Python

Тізімнен элементті жою үшін .remove(), .pop(), немесе del операторын қолданамыз:

Python

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *