Біз бұған дейін for параметрлі циклын қараған болатынбыз. for циклы көмегімен n енгізілген сандар ішінен ең кіші санды анықтап көрейік. Сандар диапазоны 1 мен 100 аралығында болсын. Программа коды
n=int(input('qansha san=')) mn=100 # azirge en kishi san for i in range(n): #цикл n рет орындалады p=int(input('kelesi san=')) #кезекті санды p айнымалысына меншіктейміз if p<mn: #егер кезекті сан бұған дейінгі кіші саннан да кіші болса онда сол санды кіші сан деп аламыз mn=p print('en kishi san=',mn)
Көріп тұрғаныңыздай бұл жерде біз тек бір циклды ғана қолдандық. Енді осы есепті сәл түрлендірсек. Мысалы Сізге осындай n сандардың бірнешеуі берілген. Әрбір n сандар жиымы үшін ең кіші санды табу керек. Бұл жерде Сізге кіріктірілген циклды пайдалануға тура келеді. Яғни барлық жиымдарды өтіп шығу үшін және әр жиым үшін ең кіші санды анықтауға.
m=int(input('qansha jiym bar=')) for k in range(1,m+1): n=int(input(str(k) +' jiymda qansha san=')) mn=100 # azirge en kishi san for i in range(n): p=int(input('kelesi san=')) if p<mn: mn=p print(k,' jiymdagi en kishi san=',mn)
Көріп тұрғаныңыздай біз бір циклдың ішіне екінші циклды кіргіздік. Бұндай циклдар кіріктірілген циклдар деп аталады. Сыртқы циклдың әрбір қадамы үшін ішкі цикл басынан бастап соңына дейін орындалады.
for i in range(1,3): for j in range(1,4): print('i=',i, ' j=',j)
программа нәтижесі:
i= 1 j= 1
i= 1 j= 2
i= 1 j= 3
i= 2 j= 1
i= 2 j= 2
i= 2 j= 3
Сыртқы i параметрлі циклы 2 рет ішкі цикл 3 рет орындалады. Жалпы қайталану саны 2*3=6-ға тең.
Кіріктірілген цикл көмегімен көбейту кестесін шығарып көрейік.
for i in range(1,10): for j in range(2,10): print(j,'*',i,'=',i*j,end='\t') print()
программа нәтижесі: