Тілдің құрылымы мен ерекшеліктері, синтаксис

Тілдің құрылымы мен ерекшеліктері, синтаксис

Python тіліндегі программа қарапайым текстік файл екенін айтқан болатынбыз. Әдетте жолдың соңы инструкцияның соңы болып келеді, сондықтан инструкцияның біткендігін білдіретін арнайы символды қоюдың қажеті жоқ. Егер бір жолға бірнеше инструкция жазатын болсаңыз олардың арасын «;» символымен бөлуге болады. 

a=1; b=2; print(a, b)

Бірақ  аса қажеттілік болмаса бұлай жазудың керегі жоқ. Өйткені әртүрлі стилді бір-бірімен араластыру «таза» код жазуға мүмкіндік бермейді.

Бір инструкцияны бірнеше жолға бөліп жазуға болады.

print(
    'Hello World'
      )

Егер инструкция құрамдас болатын болса және құрамдас бөлікте тек бір инструкция болатын болса, онда оны негізгі бөлікпен бір жолға жазуға болады.

if x > y: print(x)

Төмендегі код қатемен орындалады. Өйткені import командасының алдында бір бос орын артық қойылған.

Басында бұл Сізге қызық болып көрінуі мүмкін. Бір ғана бос орынға бола бағдарлама қалайша қатемен орындалуы мүмкін? Python тілінде операторлық жақша(begin ..end немесе {..}) болмағандықтан олар бос орын арқылы бақыланады. Егер кіріктірілген тіркес жазғыңыз келсе ішкі тіркес  алдына төрт бос орын қалдыруыңыз керек. (Қорықпаңыз төрт бос орынды Сізге қолмен қоюдың қажеті жоқ. «:» белгісінен кейін Enter батырмасын бассаңыз автоматты түрде қойылады. Немесе Tab батырмасын қолдануға болады). Мысалы:

x=10
while x>0:
    print('Hello World')
    x=x-1

Бұл жерде print(‘Hello World’) және x=x-1 командалары цикл конструкциясына(while x>0:) кіріп тұр.Тілдің синтактисін түсіну тәжірибемен бірге келеді, сондықтан көбірек код жазуға тырысыңыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған