Біз бұған дейін if..else шарт операторы туралы жазған болатынбыз. Және осы if..else шарт операторын пайдаланып мынадай тапсырманы шешіп көрейік.
Мысалы бізге апта күні номері берілген, күн номері бойынша қай апта күніне сай келетінін анықтайық.
кіріс мәлімет | шығыс мәлімет |
1 | дүйсенбі |
5 | жұма |
Бұл есепті шешу үшін бізге апта номерін әр түрлі шарттарға сай тексеріп шығу керек болады. Мысалы:
Жоғарыдағы кодтан көргеніңіздей тексерілетін шарттар көбейген сайын бағдарлама кодын түсіну қиындап бара жатыр. Және бағдарлама коды оңға қарай жылжып бара жатқанын көруге болады.
Әрине біз күн номері тек бір апта күніне сәйкес келетінін ескеріп былай да жазып шығар едік
Бірақ бұл жағдайда әр шарт операторы бір-біріне тәуелсіз болғандықтан күн номері 2-ге тең болғанынына тәуелсіз үшінші және төртінші шарт тексеріледі.
Демек біз else операторын қолдануымыз керек және оны ықшам түрде жаза алсақ тіпті керемет. python-да оны былай жазамыз
Бұл жерден көргендеріңіздей біз else және if операторын біріктіріп elif операторын жаздық. Бұл бізге бірден екі проблеманы шешеді. Енді әрбір шарт бірі-бірімен байланысқан, яғни апта номері 2-ге тең болса келесі апта күндеріне тең бе деп тексерілмейді, және код оңға қарай жылжымайды.