Ең алдымен компьютерімізге Python интерпретаторын орнатумыз керек. Егер сіз Windows опеарциялық жүйесін қолданбайтын болсаңыз Сізде Python интертпретаторы орнатылған болуы мүмкін. Егер Windows операциялық жүйесін қолданатын болсаңыз, онда төменгі сілтеме бойынша өтіп https://www.python.org/downloads/ операциялық жүйенің разрядына байланысты өзімізге керек файлды таңдаймыз.
Әрмен қарай жүктелген файлды ашамыз. Ашылған терезеден Install launcher for all users(барлық қолданушылар үшін орнату) және add python 3.8 to PATH (командалық жолдан орындау үшін жүйелік айнымалыға қосады) таңдаймыз.
Команда жолына (Win+R батырмасын басып cmd тереміз) python командасын теріп enter батырмасын басатын болсаңыз Cізге тілдің ағымдағы версиясы көрініп, әрмен қарай тілдің командаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін python shell ашылады.
Егер ешқандай қате шықпайтын болса, онда сіз python-ды сәтті орнаттыңыз.
Құттықтаймыз!