Python операторлар тіркесін орындаған кезде приоритеті(орындалу реті) жоғары операцияларды бірінші орындайды. Тіркес деп отырғанымыз операциялармен біріктірілген операндтар тізбегі.
мысалы
3+5 #8
Бірақ көп жағдайда тіркестер қарапайым бола бермейді. Бірнеше операциялардан тұратын тізбекті python приоритетіне байланысты орындайды, яғни жоғары приритетті командалар бірінші орындалады.
# алдымен көбейту орындалады # кейін қосу операциясы # Нәтижесі: 17 5 + 4 * 3
Қажет болған жағдайда операциялардың приоритетін жақша арқылы өзгертуге болады.
# алдымен қосу орындалады # кейін көбейту операциясы # Нәтижесі: 27 (5 + 4) * 3
Төмендегі кестеде операциялардың приоритеті көрсетілген
| Операторлар | Қолданылуы |
| { } | Жақша(біріктіру) |
| f(args…) | Функцияны шақыру |
| x[index:index] | Қиынды |
| x[index] | индексі бойынша қатынас |
| x.attribute | Атрибутке сілтеме |
| ** | Дәрежеге шығару |
| ~x | биттік ЖОҚ |
| +x, -x | оң теріс сандар |
| *, /, % | Көбейту,бөлу, қалдық |
| +, — | қосу, Азайту |
| <<, >> | Оңға/солға жылжыту |
| & | биттік ЖӘНЕ |
| ^ | биттік НЕМЕСЕ ЖОҚ |
| | | биттік НЕМЕСЕ |
| in, not in, is, is not, <, <=, >, >=, <>, !=, == | Салыстыру, тиістілігін анықтау, тепе-теңдік |
| not x | Булдік ЖОҚ |
| and | Булдік ЖӘНЕ |
| or | Булдік НЕМЕСЕ |
| lambda | Лямбда-тіркес |
Жоғарыдағы кестедегі кейбір операторлар бір ұяшыққа жазылған. Бұл олардың приоритеттері бірдей екенін білдереді. Егер бұндай екі оператор қатар келсе олар солдан оңға қарай орындалады.
print(4 * 7 % 3) # нәтижесі: 1
Жақша көмегімен приоритетті өзгерту
print(2 * (10 % 5)) # нәтижесі: 0