Операторлар

Операторлар

Python тіліндегі оперотор бұл арнайы символ.  Бұл символдың көмегімен операндтарға орындалатын операциялар анықталады. Операнд ретінде айнымалы немесе мән(value) болуы мүмкін.

2+3
#нәтижесі 5

+ бұл жерде қосу операция,  ал 2 мен 3 операндтар.

Python тілінде операторлардың 7 түрі бар:

  • Арифметикалық операторлар
  • Салыстыру операторлары
  • Меншіктеу операторлары
  • Логикалық операторлар
  • Тиісті екенін тексеру операторлары
  • Тепе-теңдік операторлары
  • Биттік операторлар

Арифметикалық операторлар

ОператорӘрекетмысал
+Екі операндты қосу  немесе унарлы қосуx + y + 2
Сол жақтағы операндтан оң жақтағы операндты азайты немесе унарлы минусx – y- 2
*Екі операндты көбейтуx * y
/Сол жақтағы операнд оң жақтағы операндқа бөлу (нәтиже  float типті)x / y
%Бөліндіден қалған қалдықx % y ( x-ті y-ке бөлгендегі қалдық)
//Бүтін бөлігі арқылы бөлу(нәтиже  int типті)x // y
**Дәрежелеуx**y

Салыстыру операторлары

Салыстыру операторлары екі мәнді бір-бірімен салыстыру үшін қолданылады. Нәтижесінде логикалық мән True немесе False аламыз.

ОператорӘрекетмысал
>Үлкен. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндтан үлкен болса нәтиже-True x > y
<Кіші. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндтан кіші болса нәтиже-True x < y
==Тең. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндқа тең болса нәтиже-True x == y
!=Тең емес. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндқа тең  болмаса нәтиже-True x != y
>=Үлкен немесе тең. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндтан үлкен немесе тең болса нәтиже-True x >= y
<=Кіші немесе тең. Егер сол жақтағы операнд оң жақтағы операндтан кіші немесе тең болса нәтиже-True x <= y

Логикалық операторлар

and, or, not — логикалық операторлар.

ОператорӘрекетМысал
andЕгер екі операнд та True болса онда нәтиже -Truex and y
orЕгер екі операндтың   біреуі True болса онда нәтиже -Truex or y
notТерістеу. егер операндтың мәні False болса онда нәтиже Truenot x

Биттік операторлар

Биттік операторы  операндтармен және 0 мен 1-ден тұратын жолдармен де жұмыс жасай алады.  Оператор аты айтып тұрғандай операция биттік деңгейде(ең кіші өлшем бірлік)орындалады. 

Мысалы, 2 екілік санау жүйесінде — 10, ал 7 — 111.

төмендегі кестеде: x = 10 (00001010 екілік санау жүйесінде) және y = 4 (00000100 екілік санау жүйесінде)

ОператорӘрекетМысалы
&Биттік ЖӘНЕx & y = 0 (00000000)
|Биттік НЕМЕСЕx | y = 14 (00001110)
~Биттік ТЕРІСТЕУ~x = -11 (11110101)
^Биттік XORx ^ y = 14 (00001110)
>>Биттік оңға жылжытуx >> 2 = 2 (00000010)
<<Биттік солға жылжытуx << 2 = 40 (00101000)

Меншіктеу операторлары

Меншіктеу операторы айнымалыға мән беру үшін қолданылады.

a = 5 — қарапайым меншіктеу операторы, оң жақтағы 5 мәнін сол жақтағы а айнымалысына меншіктеу.

Сонымен қатар Python тілінде құрамдас меншіктеу операторлары бар.   Мысалы a += 5 — a айнымалының мәніне 5 -ті қосып, қайта a айнымалысына меншіктету. Бұл оператор a=a+5 командасымен бірдей.

ОператорМысалыТолық жазылу түрі
=x = 5x = 5
+=x += 5x = x + 5
-=x -= 5x = x – 5
*=x *= 5x = x * 5
/=x /= 5x = x / 5
%=x %= 5x = x % 5
//=x //= 5x = x // 5
**=x **= 5x = x ** 5
&=x &= 5x = x & 5
|=x |= 5x = x | 5
^=x ^= 5x = x ^ 5
>>=x >>= 5x = x >> 5
<<=x <<= 5x = x << 5

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған