Операторлардың орындалу приоритеті(реті)

Операторлардың орындалу приоритеті(реті)

Операторлардың орындалу приоритеті

Python операторлар тіркесін орындаған кезде приоритеті(орындалу реті) жоғары операцияларды бірінші орындайды. Тіркес деп отырғанымыз операциялармен біріктірілген операндтар тізбегі.

мысалы

3+5
#8

Бірақ көп жағдайда тіркестер қарапайым бола бермейді. Бірнеше операциялардан тұратын тізбекті python приоритетіне байланысты орындайды, яғни жоғары приритетті командалар бірінші орындалады.

# алдымен көбейту орындалады
# кейін қосу операциясы
# Нәтижесі: 17
5 + 4 * 3

Қажет болған жағдайда операциялардың приоритетін жақша арқылы өзгертуге болады.

# алдымен қосу орындалады
# кейін көбейту операциясы
# Нәтижесі: 27
(5 + 4) * 3

Төмендегі кестеде операциялардың приоритеті көрсетілген

ОператорларҚолданылуы
{ }Жақша(біріктіру)
f(args…)Функцияны шақыру
x[index:index]Қиынды
x[index]индексі бойынша қатынас
x.attributeАтрибутке сілтеме
**Дәрежеге шығару
~xбиттік ЖОҚ
+x, -xоң теріс сандар
*, /, %Көбейту,бөлу, қалдық
+, —қосу, Азайту
<<, >>Оңға/солға жылжыту
&биттік ЖӘНЕ
^биттік НЕМЕСЕ ЖОҚ
|биттік НЕМЕСЕ 
in, not in, is, is not, <, <=, >, >=, <>, !=, ==Салыстыру, тиістілігін анықтау, тепе-теңдік
not xБулдік ЖОҚ
andБулдік ЖӘНЕ
orБулдік НЕМЕСЕ
lambdaЛямбда-тіркес

Жоғарыдағы кестедегі кейбір операторлар бір ұяшыққа жазылған. Бұл олардың приоритеттері бірдей екенін білдереді. Егер бұндай екі оператор қатар келсе олар солдан оңға қарай орындалады.

print(4 * 7 % 3)
# нәтижесі: 1

Жақша көмегімен приоритетті өзгерту

print(2 * (10 % 5))
# нәтижесі: 0

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған