Тілдің құжаттамасы және кіріктірілген анықтамалық жүйе

Тілдің құжаттамасы және кіріктірілген анықтамалық жүйе

«Python» тілінің құжаттамалар жүйесі өте жақсы жетілдірілген. Құжаттама көмегімен тілдің мүмкіндіктерін, арнайы әдіс-тәсілдерді, сонымен қатар оқу материалдарын да табуға болады.

Негізгі құжаттама «Python» тілінің ресми сайтында орналастырылған: https://docs.python.org/.  Негізгі бөлімдер:

  • Setup and Usage — әртүрлі платформаларға «Python» орнату және баптау туралы ақпараттар; 
  • Tutorial — жаңадан үйренушілерге арналған оқу құралы;
  • Library Reference — «Python» тілінің стандартты кітапханасы туралы сипаттама;
  • Python HOWTO — әртүрлі тақырыптар бойынша нұсқаулық.

Кіріктірілген анықтамалық жүйе

«Python» интерпретаторының құрамында кіріктірілген анықтама жүйесі бар. Кодпен жұмыс жасағанда, көп жағдайда белгілі бір функция, класс туралы мәлімет керек болуы мүмкін. Бұл қызметті help() функциясы атқарады. Функцияның аргументі ретінде мәлімет алғымыз келген объектіміздің атын (функция атын) енгіземіз.

>>> help(abs)
#нәтижесінде
Help on built-in function abs in module builtins:
abs(x, /)
    Return the absolute value of the argument.

«abs» функциясы туралы мәлімет алу. Жоғарыда берілген тексте функцияның («abs») қандай қызмет атқаратыны, қандай модульге жататыны көрсетілген.

help(math)
#нәтижесінде
Traceback (most recent call last):
  File "<pyshell>", line 1, in <module>
NameError: name 'math' is not defined

Жоғарыдағы кодтың «қате» деп көрсетілу себебі – math модулінің ағымдағы сессияға қосылмағанынан. Алдымен модульді импорттап алып, содан кейін help() функциясын қайта шақыруымызға болады немесе help() функциясына модуль атын жолдық параметр түрінде беруге болады. 

>>> import math
>>> help(math)		# math.__doc__
#немесе 
>>> help('math')

Егер модуль немесе функция атын есіңізге түсіре алмасаңыз, Сізге тағы да «python»-ның өзі көмектеседі.

Модульдер тізімін алу:

>>> help('modules')

Кілттік сөздер тізімі:

from keyword import kwlist
print(*kwlist, sep='\n')

Кіріктірілген функциялар аттары:

import builtins
print(*builtins.__dict__.keys(), sep='\n')

Объект атрибуттары туралы ақпарат алу үшін dir() функциясын пайдалануға болады.

>>> dir(int)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған